А. Байтұрсынов көшесінде ағаштарды заңсыз кескен колледж басшысы жауапкершілікке тартылды

207

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың ескертуінен соң А.Байтұрсынов көшесіндегі ағаштарды заңсыз кесуге жол берген оқу ордасының басшысы жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы қала әкімдігінің Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазылды.

«Арнайы тексеру нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 386 бабына сәйкес,  жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаттарын бұзғаны үшін Шымкент экономикалық колледжінің басшысы А.Бәшенов әкімшілік жауапкершілікке тартылды,»-делінген жазбада.

Бейнежазбада оқу ордасының басшысы әрбір кесілген ағаштың орнына он көшет егуге уәде берді.