Шымкентте Oriflame концептуальды орталығы ашылды

253

Шымкенттегі «Орифлеймнің» концептуалды орталығы қайта жаңғырды. Аталмыш компания тауарлары елімізге жаңа ғасырдан бастап енген еді. Бүгінде оның Қазақстан бойынша 100 мың кеңесшісі бар. Ал, олардың 15 мыңы оңтүстікте жұмыс жасайды.

100-дан астам тауар түрін өндіретін «Орифлейм» Қазақстандық нәзік жандыларға 21 – ғасырдан бастап келді. Елімізге бірінші болып жеткен косметикалық компания әлі күнге дейін жоғары сұранысқа ие. Сондықтан болса керек, «Орифлеймнің» Шымкенттегі концептуальды орталығы қайта жаңғырып отыр.

Жаңа кейіпке енген орталықтың түрлі бұрышы бар. Мұнда келген тұтынушылар боянуға да, косметикалық заттарды тексерістен өткізуге де мүмкіндік алады. Ал, «Орифлеймді» насихаттап, кәсібіне айналдырғысы келгендер кеңесші атана алады. Солардың бірі Ғазиза Байтемірова. Екі бірдей оқу орнын аяқтаған келіншек 6 жылдан бері косметика кеңесшілігін негізгі жұмысына айналдырған.

Айта кетейік, әлем бойынша «Орифлеймнің» 3 млн кеңесшісі бар. Олардың 100 мыңы елімізде. Ал, 15-і оңтүстікте қызмет атқарады. Егер сіз де кеңесші атанғыңыз келсе, Мангельдин 39 көшесінде орналасқан «Орифлейм» концептуалды орталығына келіңіз.