Шымкенттегі жабық мекемелердегі дауыс беру барысы

Ел Президентін сайлауға ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару департаментіне қарасты, ИЧ 167/11 тергеу изоляторына тоғытылғандарға да мүмкіндік берілген. Дәлірегі, мұнда №132 сайлау учаскесі орналасып отыр.

Сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап, сайлаушыларға есігін айқара ашқан. Байқағанымыздай, аядай ғана бөлмеге жайғасыпты.

№ 132 сайлау учаскесінің өзге учаскелерден айырмашылығы – мұнда сот үкімін күткендер дауыс береді. Ал, жазаға кесілгендер бостандығынан ғана емес, саяси таңдау құқынан да айырылады.

Тергеу торында алғашқы келушілерге сый да, таралғы да табысталмады. Сайлау учаскесіне келу уақытын да тергеу изоляторының басшылығы бекіткен. Сондықтан, тиісті тәртіп бойынша кезек-кезегімен келіп, өз таңдауларын жасады.

Нұрлан Жаңабаев

Нұрлан Жаңабаев, тергеудегі сезікті: «Қобалжып тұрмын негізінде, енді осы сайлаудан кейін, Еліміз дамыған 30 елдің қатарына енеді деп ойлаймын. Жастарымыз да белсенді, жауапкершілігі артса деймін! Жұрттың жағдайы жақсарса, бәрі жақсы болып кетеді».

Әмірбек Ниязбек, тергеудегі сезікті: «Алдағы уақытта Елімізде тыныштық болып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілгенін қалаймын. Жұмыссыздық жойылса, елдің азаматтары барлығы жұмыспен қамтылса, қылмыс та, жұмыссыздық та азаяр еді».

Тергеу изоляторы басшылығының айтуынша, уақытша абақтыда барлығы 553 күдікті бар. Бірақ, дауыс беруге барлығы бірдей қатысқан жоқ. Себебі:

Ермек Жалғасбаев, ИЧ 167/11 тергеу изоляторының бастығы: «Олардың ішінде

Ермек Жалғасбаев

жасөспірімдер мен шетел азаматтары дауыс беруге құқығы жоқ. Және сотталған азаматтар мен осында жазасын өтеп жатқандар дауыс бермейді, қалған тергеудегі азаматтардың барлықтары яғни 425 адам дауыс беріп жатыр. Дауыс беру бөлмесіне  бақылау комиссияларының қызметкерлерінен басқа мекеме қызметкерлері кіріп кедергі келтірмейді. Ал тергеудегі азаматтар белсенді қатысып, дауыс беруде. «Мен дауыс бермеймін», – деп қарсылық білдірген ешқандай адам болған жоқ».

Шымкенттегі жабық мекемелердегі дауыс беру барысы

167/11 тергеу изоляторындағы дауыс беру барысын 3 бақылаушы, 5 комиссия мүшесі бақылап отыр.Бақыт Бұлғақов, № 132 сайлау учаскесінің хатшысы: «Дауыс берушілерге талап: ешкіммен сөйлеспей, өз таңдауын жасауы қажет. Яғни, изолятордағы күдіктілер еркін түрде кабинкаға кіріп, жасырын түрде өз дауыстарын беріп шығып жатыр. Ал бақылау комиссиясының құрамында осы мекеменің қызметкерлері және акушер-гинеколог маман, өзге де саланың қызметкерлерін шақырдық. Әйелдер түзету мекемесінің қызметкерлері де осы комиссияның құрамынан табылып отыр».

167/11 тергеу изоляторындағы сайлау бас-аяғы – 16:30 сағаттің ішінде аяқталды. Енді, көппен бірге оның қорытындысын күту ғана қалды.

Мөлдір Бекеева