Түркістандық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

541
фото Lada.kz

Шәкірттердің көз майын тауысып оқыған білімінің дәрежесін анықтар ҰБТ -да аяқталуға жақын. Өз білімін дәлелдеп, мерейі өскендер де, қажетті балды жинай алмай көңілі түскендер де көп.

Биылғы жылдың жаңалығы белгіленген 140 баллды толық жинаған түлек Түркістан облысынан болып отыр.

24 маусым күні ең жоғары нәтиже 140 баллды Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі – «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан Әділжанұлы жинады. Үздік оқушы осылайша білімінің тереңдігін көрсетіп, ұстаздарының абыройын арттырды.