Облыстық клиникалық аурухананың құрамындағы онкология орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі

2019 жылғы 29 маусым сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Туркистан облысы онкология орталығында облыстық тұрғындарына арналған акция өткізіледі. Акция аясында орталықтың үздік мамандары бүйрек ісіктерін дер кезінде анықтау үшін тегін консультация береді, сонымен қатар профилактикалық тұрғыдан диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

СІЗ осы күні профилактикалық мақсатта тегін тексерілу өтуіңіз мүмкін:
*Онколог,урологтің тегін кеңесі
*Бүйректің УДЗ-сі

Аталған іс-шара облыстық тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мекен-жайымыз: Шымкент, Құрманбеков 2а, Call-centre, 393160