Арыстағы жарылыстың себебі тергеуден кейін анықталады

288

Арыс қаласындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылысқа байланысты оқиға орнын тексеру және келтірілген залалдар анықталып жатыр. Қылмыстық Кодекстің 462-бабының 3-бөлігімен Арыс қаласындағы 44859 әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл үшін қылмыстық іс бойынша Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі қызметкерлері арнайы жасақталды.

Арыстағы жарылысқа байланысты тергеп-тексеру кезінде 100-ден аса адамнан жауап алынды. Прокуратура өкілдері оқиға жерінен айғақтар жинап, шығын көлемін анықталатынын алға тартты. Тергеудің алғашқы сатысында болған оқиғаның мән-жайларына негізгі назарға ала отырып, адамдардың мерт болу салдарын анықтауға бағытталған.

Оқиға орнын қарау және іске қатысты құжаттарды алу жүргізілуде. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы немесе лауазымды тұлғалардың салғырттығы сынды алдын ала болжамдар зерттелуде. Ал апаттың нақты себебі тергеуден кейін ғана белгілі болады.