Шымкентте ит тістеген 3 жасар қызға құтыру диагнозы қойылмаған

430

Шымкентте ит тістеген 3 жасар қызға құтыру диагнозы қойылмаған. Жануардан жарақаттанған жеткіншекті ата – анасы бірден ауруханаға апарып, дәрігерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен.

«Дер кезінде екпе жасатқан бүлдіршінінң қазіргі жағдайы жақсы» дейді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменітінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.

Басшының сөзінше, 2019 жылдың 6 айында Шымкент қаласының тұрғындары арасында құтыру ауруы тіркелмеген. Қала бойынша жануарлардан жарақат алып медициналық көмекке 2145 жарақаттанған адам жүгінген, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш- 217,7. Былтырғы жылмен салыстырғанда жарақаттанғандардың саны 14,8 пайызға (2018 ж.- 2445 ) төмендеген. Жарақат алғандардың 46,2 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды.

2145 көмекке жүгінгендердің 1160 белгілі, 985 белгісіз жануарлардан жарақаттанған. Жануарлардан жарақат алған 2145 адамның антирабикалық ем тағайындалып, барлығы ем қабылдаған, оның ішінде 995 антирабикалық иммуноглобулин алған. Жарақаттанғандар 1843 иттен, 235 мысықтан, 14 жылқыдан, 2 ІҚМ, 51 басқа жануарлардан зардап шеккен. Белгілі жануарлардың ветеринарлық анықтамасы 1023-де бар, 137-де жоқ (мерзімі келмеген).

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметі бойынша иесіз ит, мысықтардың көзін жою жұмыстарына қалалық бюджеттен 30 570 000 теңге қаржы бөлініп 6 айда 27963 ит, 1438 мысық жойылған.

Қала бойынша жануарлар арасында құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді: МІҚ-2518, уақ мал-1404, жылқы-188, ит-109100, мысық-13761.

Облыстық «Ветеринарлық зертхана» РМҚК мәліметі бойынша 6 айда Шымкент қаласы бойынша 33 патологиялық материалдар құтыру ауруына тексерілген, оның ішінде 1 оң нәтижемен Еңбекші ауданында Тоғыс тұрғын алабынан 1 иттен анықталған. Ошақта індетке қарсы іс шаралар жүргізілген: Тоғыс тұрғын алабына шектеу қою туралы Шымкент қаласының әкімімен 01.07.2019ж. №573 Қаулы шыққан, 28 қаңғыбас иттер жойылған, құтыруға қарсы 780 ит, 23 мысық, 22 ІҚМ, 40 уақ мал егілген, 171 аула араланып, 517 адам сұралған. Санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілген: 18 дәріс оқылған, 1 радиодәріс,15 семинар өткізілген, 9 санбюллетень шығарылған, 527 әңгіме, 527 парқшалар таратылған.

2019 жылдың 6 айында аудандар әкімдігінде құтыру ауруы бойынша мәселелер 4 рет қаралып, арнайы шешімдер қабылданды. Аудандық басқармаларда 4 алқа мәжілісі өткізілді. Құтыру ауруынан аудандарға іс-шаралар жүргізу туралы талдау мен ұсыныстар жіберілді. Аудандық, қалалалық ветеринарлық қызметпен бірге 4 мәжіліс өткізілді.

Аудан, қала бойынша апталық мониторингі жүргізіліп, ит тістеп дәрігерлік көмекке қаралғандардың, уақтылы егумен қамтылғаны қадағалануда. Қала бойынша 50 семинарлар өткізіліп, 368 дәрігерлер, 864 орта буын қызметкерлер қатысты. Аудандық басқармалардың мамандарымен емдеу сауықтыру мекемелерінің қызметкерлеріне жіберілген кемшіліктер бойынша 8 айыппұл салынған.

Лаура Мамырова