WhatsApp-та «Луна» бомбасы жайлы қауесетті Арыс тұрғыны таратқан болып шықты

151
фото Ktk.kz

WhatsApp желісінде «Луна» бомбасы жайлы қауесетті Арыс тұрғыны таратқан болып шықты.  Әйел адам барша азаматтардың алдында кешірім сұрады. Ол 12-15 шілде күні қаладан «Луна» атты бомбаны шығаратыны туралы хабарлаған.

Осы жайт Арыс АПБ -нің СДТБТ-не тіркеуге алынды. Күдікті азаматша анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Ол жергілікті тұрғын. Оған қатысты ҚР ҚК-нің «көрінеу жалған ақпарат тарату» 274 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі