Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 112 құтқару қызметіне 2019 жылғы 21 тамызда сағат 17:47-де көмек көрсету туралы хабар келіп түскен. Шымкент қаласы, Абай ауданы, 8 шағын ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғыны, азаматша інісі ұялы телефон арқылы өз-өзіне қол жұмсау туралы СМС хабарлама жібергенін және пәтердің есігін ашпай жатқандығын айтты.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары жетіп, пәтер есігін слесарлық құралдармен ашты. Пәтердің жатын бөлмесінде 2001 жылы туылған жас жігіттің ес-түссіз жатқанын анықтады.
Шымкент қаласы ТЖД «Апаттар медицина орталығы» филиалының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, реаномобиль автокөлігімен Шымкент қаласындағы Орынбаев атындағы гипербариялық оксигинация орталығына жеткізді.
Қазіргі таңда науқасқа «Аллергияға қарсы дәрілік препараттармен улану» диагнозы қойылды, жағдайы бірқалыпты жақсы және ол дәрігерлердің бақылауында.