Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы бизнес қауымдастықпен кездесті

179

Бүгін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали инвесторлармен кездесті.

Іс-шара «галстуксыз» форматта өтіп, онда аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы С.Абдуллаев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Кабиштаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев және кәсіпкерлер қатысты.

Бизнес пен инвесторларды қорғау біздің мекеменің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгін біз «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына мақсатты түрде бизнес қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін келіп отырмыз. Біз инвесторлармен тікелей қарым-қатынас осы бағыттағы өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Бизнес ісіне лауазымды тұлғалар тарапынан кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатынын және заң бойынша қудаланатынын атап өткім келеді.

Біз қолжетімді, ашықпыз және Сіздерді белсенді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа шақырамыз» – деп атап өтті іс-шарада Асхат Жұмағали.

Айта кету керек, қалалық Департамент жалпы сомасы 49 млрд. теңгеден астам 20-ға жуық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда, сонымен қатар, 50-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Кездесу соңында Асхат Жұмағали үй тоқыма, кілемдер және мақта-мата иірімдерін өндірумен айналысатын «АГФ групп» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС және «Azala Cotton» ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында болып, жұмыстарымен танысты.