Шымкенттегі қоғамдық көліктер қозғалысына бақылау жүргізу барысында, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының тарапынан қалалық бағыттарда, сонымен қатар, ауданаралық бағыттарда 116 құқық бұзушылық анықталған. Осы құқық бұзушылықтар бойынша 1 млн 628 мың теңге айыппұл салынып, өндіріліпті. Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында да өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

Сонымен Шымкент қаласы аумағында 4 (төрт) автовокзал және 2 (екі) автостанция орналасқан:
1) «Бекжан» автовокзалы – Темірлан тас жолы, 129;
2) «Самал» халықаралық автовокзалы – Т.Рысқұлов көшесі, 160;
3) «ШҚААВ» автовокзалы– Володар көшесі, 16;
4) «Алаш» автовокзалы – Темірлан тас жолы н/з;
5) «Көктем» автостанциясы – Аймауытов көшесі, 143;
6) «АР» автостанциясы – Тәшенов көшесі н/з.
Шымкент қаласында республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тек қана қалалық тұрақты маршруттар бойынша ұйымдастырылған. Бүгінгі күнде қала аумағында тұрақты қалалық 78 бағыт бойынша бекітілген 1116 кестемен жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Соның 54-і автобус бағыты (745 кесте), 24-і шағын автобус бағыты (371 кесте), оларға қаладағы 27 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды жүзеге асыратынын тасымалдаушылар саны – 10, олардың көлік құралдарының жалпы саны -247 автокөлік.

– 2019 жылдың сәуір айында көлік мәселелері туралы заңға толықтырулар енгізіліп, жолаушылар тасымалдау саласында бақылау жүргізу полиция органдарымен қатар Көліктік бақылау органдарына берілді. Аталған заң 24 мамырдан бастап күшіне еніп сол күннен бастап инспекция тарапынан қоғамдық көліктерге бақылау жүргізіе бастадық. Жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Инспекция тарапынан қалалық бағыттарда, сонымен қатар ауданаралық бағыттарда 116 құқық бұзушылық анықталып, 1 млн 628 мың теңге айыппұл салынып, өндірілді. Тұрақты тасымалдау қызметінде 84 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде:
1. Жолаушылар тасымалдауға рұқсат беретін куәліксіз 11 құқық бұзушылық — («Грин БУС» ЖШС, «Оңтүстік тұлпар» ЖШС, «Автоимпульс» ЖШС, «Асыл» ЖШС, «К-2 ЛТД» ЖШС, «Асыл Транс Сервис» ЖШС, «Мұхтарәлі» ЖШС);
2. Билетсіз жолаушылар тасымалдау — 25 құқық бұзушылық («Грин БУС» ЖШС, «Оңтүстік тұлпар» ЖШС, «Асыл» ЖШС, «Абдиернұр» ЖШС, «Асыл Транс Сервис» ЖШС, «Мұхтарәлі» ЖШС, «Жолаушы» ЖШС, «Ай-бақдаулет» ЖШС, «Мейіржан Моторс» ЖШС, «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС, «Дим димич компани» ЖШС);
3. Тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарын бұзу бойынша – 59 құқық бұзушылық анықталып отыр,- дейді Ержан Жолдасов.

Тұрақты емес тасымалдау қызметінде 23 құқық бұзушылық анықталыпты. Сонымен қатар, такси көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында 9 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 3 тасымалдаушы арнайы лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін құжаттары сотқа жолданды. Сондай-ақ, ауданаралық бағыттарда жолаушылар тасымалдау кезінде жолаушыларға билет таратпау және қоғамдық көліктердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жиі кездеседі екен.
Айта кетерлігі, Шымкент қаласының аумағында 12 заңсыз стихиялық тұрақтар бар:
1)«Дархан» сауда үйінің автотұрағы,
2) «Көмешбұлақ» базары маңы,
3)«Әскери комиссариат» аялдамасы маңы,
4) «Қатын көпір» аялдамасы маңы;
5) «Кабиско» аялдамасы маңы,
6) «Гипер хаус» сауда үйінің маңы,
7) «Темір жол вокзалы»,
8) Әуежай,
9) «Автонұр»,
10)«Айна» базарларының маңы,
11) «Самал» автовокзалның маңы,
12) «Алаш» автовокзалының маңы.

Теміржол саласына келсек, Шымкент қаласы аумағында орналасқан Шымкент теміржол вокзалы арқылы 27 жұп жолаушылар пойызы қатынайды.
Жыл басынан бүгінгі таңға дейін, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойын-ша департаментімен және «Адал жол» жобалық кеңесімен бірлесіп, жол бойында жолаушылар поездарына рейдттік шаралар жүргізіп, нәтижесінде жол құжатсыз (билетсіз) жүрген 101 жолаушы анықталды. Сонымен қатар, тасымалдаушылар тарапынан 541 қағида талаптарын бұзғандар анықталды. (штаб вагондары сейфпен жабдықталмауы, поезд құрамы жабдықталған төсек-орын жиынтықтарының пайдалану мерзімінің өтуі, вагондар екі түсті сигналы бар қол шаммен (фонарь) жабдықталмауы, поезд құрамы мүгедектерге арналған арнайы орындары бар вагондармен қамтамасыз етілмегені)
Жоғарыда аталған бұзушылық-тардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 (18 жеке тұлға, 18 заңды тұлға) хаттама толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылып, 1 млн теңгеден астам айыппұл салынып, өндірілді.
– Өздеріңізге белгілі биылдың шілде айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жолау-шылар поездарына деген билет дефицитін жою туралы нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай, Инспекциямен Шымкент көлік прокуратурасы, Шымкент станциясындағы желілік ішкі-істер бөлімінің полиция қызметкерлерімен бірлесіп теміржол вокзалында билетті заңсыз сатумен айналысқан азаматтарға қарсы бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде билет алып-сатушылардың жолын кесу мақсатында «ҚТЖ» АҚ-на бірнеше ұсыныс, атап айтқанда:
1. Топтап билет сату жүйесін оңтайландыру, бұл дегеніміз бір билетпен топқа арналып сатылатын билеттерді сатуды тоқтату;
2. Пойыз құрамына билет сату процессі нақты жүйеге келтіруді;
3. Жазғы маусымда жолаушылар поездарына сұраныстың көбейетіндігіне байланысты вагондардың санын көбейту және қосымша пойыздар қосу туралы ұсыныстар жолданды. Жоғарыда аталғандардың негізінде, жолаушылар пойыздарын бақылау инспекцияның басты назарында болады және құзырлы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін атап өткім келеді,- дейді Ержан Жолдасов.

«Оңтүстік Рабат», №33, 14 тамыз 2019 ж