«Shymkent bus» автобус паркінің жұмысшыларына жалақы беріле бастады

325

«Shymkent bus» муниципалды автобус паркінің жұмысшыларына айлық беріле бастады. Бұл туралы аталмыш компанияның басшысы Елікбай Тоқбергенов хабарлады. Орталықтың есептеу жүйесі дұрыс жолға қойылмағандықтан осындай келеңсіздіктерге тап болдық дейді.

Осы жәйітті ескеріп, апта соңына дейін қарыз болған 10 миллион теңге арнайы кассадан беріп, берешектерінен толық құтыламыз деп сендіріп отыр. Ал, 180 мың теңгелік жалақыны барлық қойылған талаптарды толық орындаған жүргізушілер мен кондукторлар алады.

Елікбай Тоқбергенов «Shymkent bus» муниципалды автобус паркінің директоры: «Менің қолымдағы келісім бойынша жұмысшылар 130 мың теңге алады. Ал бонустық есептермен сол барлығы айтып жүрген 180 мың теңге шығады».

Ғалымжан Кенжебек