Шымкентте ұсақ ақша тапшылығы байқалады

295

Әсіресе қоғамдық көліктер мен дүкендерде ірі ақшаны ұсақтауда қиындықтар бар екенін айтады тұрғындар. Ия Ұлттық банктің облыстық филиалы басшылығы күрделік латын әріптерімен жаңа темір монеталар шығару барысында орын алғанын, ал бүгінде мәселе толық шешілгенін айтады.

Шымкенттік Тұрғанбай Мұздақбай дүкенге ірі ақшамен барсаң да керегіңді ала алмайсың дейді. Өйткені сауда орындарында қайтымына беретін ұсақ ақша тапшы. Бұл мәселе кеше туындаған жоқ, оны шешумен биліктегілер айналыспаса болмайды деген пікірде.

Тұрғанбай Мұздақбай, қала тұрғыны: «Он мың берсем, ұсақ ақша жоқ па дейді. Осы проблемаға аптекаға барсаң да, автобустарда да жиі кездесесің».

Ұсақ ақша әсіресе қоғамдық көліктерде үлкен проблемаға айналған. Кондукторлар жолаушыға беретін тиын таппай бір қиналса, қайтымына беретін екі жүз теңгелік купюраларды да халықтың алмай қойғанын айтады.

Ұлттық банктің облыстағы филиал басшылығы ұсақ ақшамен қиындық ескі ақшаны латын әріптерімен жазылған жаңа темір монеталарға алмастыру барысында болғанын растап отыр. Бірақ, бүгінде мәселе толық шешілген. Екінші деңгейлі банктер мен «Қазпоштаға» 366,3 млрд. теңге көлемінде ақша бөлінген. Оның 250 млн-ы айналымда жүретін монеталар.

Ануар Ботанбеков, ҚР Ұлттық банкі АҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы : «Елімізде үлкен көлемде монета шығарылды. Өскемендегі теңге сарайында сәуір, мамыр, маусымда шілдеде толық бар. 200 теңгелік 2006 жылы шыққан проблемалар бар».

Дәріхана, дүкендер және өзге де заңды тұлғалармен жұмыс жасайтын екінші деңгейлі банктер Ұлттық банкке қажетті ақшаға тапсырыс беруі тиіс. Ал, ірі ақшаны ұсақтауды және жарамсыз купюраларды алмастыруда ешқандай проблема жоқ дейді қаржыгерлер. Кез келген уақытта Ұлттық банк бөлімшелерінде ақша алмастыруға болады.

Шынар Оразова