Түркістан облысы аумағында тарихи-мәдене маңызға ие, жалпыға ортақ, қасиетті орындар жетерлік. Солардың бір бөлігін газетіміздің бүгінгі санында жариялап отырмыз. Сонымен Түркістан облысы бойынша жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындар тізімі:

1. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени кешені
Түркістан қаласы аумағында орналасқан. Кешенге келесілер кіреді: Қ.А.Ясауи кесенесі, Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек,  Рабия Сұлтан Бегім кесенесі  Үлкен Қылует, Қаз Дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жерленген жері.

2. Күлтөбе (Ясы, Түркістан) қалашығы, б.з.д. ІІ ғ. – ХІХ ғ.ғ.
Күлтөбе Ортағасырлық  Түркістан қаласының шығыс жағында, Қ.А. Яссауи  кесенесінен оңтүстікке қарай 480 м жерде орналасқан.

3. Сауран қалашығы,  ХІІІ-ХVІІІ ғғ.
Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Ортағасырлық Сауран қаласының Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының  мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Жібек жолы  бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алар орны ерекше.

4. Қазығұрт тауы
Шымкент қаласынан 35 шақырым оңтүстікте орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-ге созылған.

5. Ақбура әулие
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 6 шақырым шығыста орналасқан. Кесене жобада бір күмбезді, төртбұрышты пішінде, қабырғалары түрлі оюлармен өрнектеліп, күйген кірпішпен өрілген.

6. Ғайып Ерен Қырық Шілтен
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қазығұрт тауы баурайында орналасқан.

7. Ақмешіт үңгірі
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақмешіт ауылында  орналасқан.

8. Отырар қалашығы І – ХVІІІ ғғ.
Отырар ауданы, Талапты ауылының оңтүстік шетінде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсына жақын орналасқан.

9. Созақ қалашығы Х-ХVІІІ ғғ.
Отырар ауданы, Маяқұм ауылының солтүстігінде 9,5 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан.

10. Дәуіттөбе қалашығы (Есім хан ордасы)
Төлеби ауданы, Қасқасу а/ә қарасты, Кеңесарық ауылындағы Сайрамсу өзені жағасында орналасқан.

11. Ханқорған қалашығы, VІІІ-ХІІ-ХVІІІ ғғ.
Сайрам ауданы, Мәдени ауылынан 0,5 шақырым батыста орналасқан.

12. Үкаш ата кесенесі мен құдығы, ІХ-Х ғғ.

13. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі, ХІХ ғ. соңы — ХХ ғ. Басы
Созақ ауданы, Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ деген жерде орналасқан.