«Бірге — Таза Қазақстан». Еліміз бойынша басталған экочеленджді шымкенттіктер де қолдады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйытқы болуымен өткізілген акцияда 7 мекеменің 500 қызметкері сенбілікке шыққан. Бір күнде олар 32 мың шаршы метр жерді тазалады. Солардың бірі «Су ресурстар маркетингі».

Мұхтар Сыдықов, «Су ресурстар маркетинг» ЖШС — нің өкілі: «5 жүк көлігімен қоқыс шығардық. Өзен қоқысқа толып жатыр. Қала халқын қоқыстарды арнайы орындарға тастауға шақырамыз. Өйткені біз қазір тазалап бердік, тағы да тастайтын болса ертең тағы да толып қалатын болады».

Қарасу каналын қоқыстан тазарту барысында түрлі қалдықтар шыққан. Қала тұрғындары мәшине дөңгелектерінен бастап, азық түлік қалдықтарын да суға ағызған. Тазартылған қоқысты шығару үшін 5 жүк көлігі қажет болды.

Назерке Үкібасова