Шымкент қаласы полиция департаменті бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шараға 50-ден астам жастар қатысты.

Бұл салада жұмыс істеуге ниетті 18-29 жас аралығындағы қыз-жігіттерге ішкі істер органдарына қызметке кіру тәртібі таныстырылды. Сондай-ақ, материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдіктер туралы барлық қажетті ақпаратты ала алды.

Жастарға жәрмеңке соңында полиция департаменті туралы арнайы парақшаларлар таратылды.

Мөлдір Бекеева