Ақордада митинг туралы заң талқыланды

180

Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарына сәйкес алғашқы жиын өтті, деп хабарлайды Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин.

Жиында қаралған негізі мәселе митинг туралы қолданыстағы заңды жетілдіру болды. Мемлекет басшысы жолдауда және кеңестің алғашқы отырысында осы жайтқа баса назар аударған еді.

Жиынға қатысушылар бірауыздан заңға өзгеріс енгізетін уақыт жеткенін, сондай-ақ бұқаралық сипаттағы іс-шараларды түрлеріне қарай жіктеп, бейбіт басқосуларды өткізуге рұқсат беру үрдісін жеңілдету керектігін айтты.

Жиын соңында ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ортаға тасталған барлық ұсыныс мен ұстанымдарды жинақтау туралы тапсырма берілді.

Дереккөз: Хабар24