Шымкенттегі білім беру мекемелері жылу қабылдауға дайын. Естеріңізге салар болсақ, қала әкімі Ерлан Айтаханов биылғы жылыту маусымын 25 қазанан бастау туралы өкім шығарған болатын.

Шымкент қаласындағы 247 білім мекемелерінің 121-і орталықтандырылған 126 жеке қазандықпен жылытылады екен. Орталықтандырылған қазандықтан жылытылатын мектеп пен бала — бақшалардың барлығында сығымдау жұмыстары жүргізілген, оған бюджеттен 71 млн. теңге қаражат бөлініпті. Ал жеке қазандық үшін қажетті қатты және сұйық отын мектеп пен бала — бақша қоймасына жеткізіліпті.

Нұрлан Күдерұлы