Сарыағаштық дзюдошы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

203

17-24 қазан күндері аралығында Словения мемлекетінің Градец қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында жерлесіміз Сарыағаш аудандық №2 спорт мектебінің спортшысы Тоқтаев Ерлан Нұрбекұлы 60 келіде қарсыластарынан басым түсіп жарыс жеңімпазы атанды.

Көк туымызды желбіретіп, бәсі биік бәсекелерде жеңімпаз атанып жүрген спортшыны аудан әкімі М.Отаршиев арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Аудан басшысы жас спортшыны және оның жаттықтырушысы Е.Ж.Маукеновты жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы бәсекелеріне сәттілік тілеп, спорт пен білім бәсекесінде биіктен көріне беріңіздер деген тілегін білдіріп, «Алғыс хат» пен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ №2 спорт мектебінің түлектері Жолдыбай Нұржігіт және Умирзак Әділет осы жылдың маусым айында Түркістан қаласында өткен жасөспірімдер арасында «Үстел теннисі» спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 4 алтын және 1 қола жүлдемен оралған болатын.

2019 жылы аудандық спортшыларымыз 8 спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды, 2 спорт түрінен Әлем және Азия чемпионаттарына жолдама алды. 3 спортшы (аударыспақ, тоғызқұмалақ, шахмат) жүлделі ІІ орын, 12 спортшы (волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, каратэ-до) жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.

 

QAINAR KÓZ Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі