Шымкентте «Адалдық сағаты» өтті

568

«Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Осы мақсатта, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарында, кәсіби білім беру мекемелері, сондай-ақ мектептерде адалдық сағаты өтті.

Кезекті кездесу Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы мен студенттері арасында өтті.

Шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Камалов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және Университет қызметкерлері мен студенттер, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Адалдық сағаты барысында жастарға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды.

Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Кездесу барысында қатысушылар барлық сұрақтарға тыңғылықты әрі толыққанды жауаптарын алып, арнайы әзірленген бейнероликтер көпшіліктің назарына ұсынылды.