Солтүстік Қазақстанға жұмысқа шақырады

239

Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан делегеттар келіп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша мұғалім, дәрігер, ветеренар, механизатор, дәненкерлеуші, IT, агроном, жүргізуші және басқа да қажетті мамандықтар бойынша шымкенттіктерді жұмысқа шақырды.

Аталған ауданда бүгінгі таңда 40 мыңнан астам халық тұрады. 17 ауылдық округ бар. «Еңбек» бағдарламасымен аумағы 70 шаршы метр болатын 39 үйдің құрылысы жүргізілуде. Баспаналар қоныс аударған отбасыға 5 жылға жалға беріледі. Жалдау құны ай сайын 7-9 мың теңге. Бес жылдан кейін отбасы үйді жекешелендіріп алуға құқылы. Ғабит Мүсірепов ауданына көшіп барған отбасының әрбір мүшесіне 88375 тг. төленкеді. Бұл бір реттік өтемақы. Жалпы, аталған ауданға осы уақытқа дейін Шымкенттен, Түркістан облысынан 35 отбасы көш аударған.

СҚО — на көшіп баруға қазіргі таңда Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарына мүмкіндік берілген.