Түркістандағы «Сергек» әзірге айыппұл жазбайды

273

Түркістан қаласында «Сергек» комплексін орнату жұмыстары жүргізілуде. «Сергек» комплексі қазіргі таңда тек жол ережесін бұзу жөнінде мониторинг, талдау және тестілеу жұмыстарын атқаруда.

Осыған байланысты, комплекс арқылы жол ережесін бұзу бойынша жүргізушілерге ешқандай айыппұл берілмейді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.