Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығының ұйымдастыруымен Шымкентте семинар өтті.

Іс шара барысында құрғақшылық аудандар мен жер ресурстарын тұрақты басқару мәселесі талқыланды. Сарапшылар фермерлерге суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру жолдары, тамшылатып суарудың инновациялық жүйелері, органикалық қалдықтардан биогаз өндіру және оны ауыл шаруашылығында қолдану туралы баяндады.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, сала мамандары егіншілікте әртараптандырудың заманауи технологияларын пайдалану мүмкіндіктері жайлы мағлұмат алды.

Әмзе Қалмұратов, Сайрам ауданы  «Ақсу» МКК директоры: «Тақырып өте өзекті. Су ресурстарын тиімді  және мақсатты жұмсау бойынша  қажетті мәліметтерді алдық. Жұмыс барысында қолданамыз. Аудандағы ауыл шрауашылығы бөлімдері мен фермерлер қатысып жатыр, қазір егіншілік, мал шаруашылығы болсын жаңа технологияларды  қолданбаса жердің құнарлығы да төмендеп, судың қоры да азайып барады».

Шынар Оразова