Шымкент қаласының бас полицейі Ералы Жұмаханбетов Ақтас елдімекенінің тұрғындарымен кездесті

721

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов Ақтас елдімекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жергілікті тұрғындар тарапынан сұрақтардың барлығына жауаптар берілді. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз болып, полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты айтылар сын-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелер көтеріліп, оның ішінде сұрақтардың басым бөлігі жол белгілеріне қатысты қойылды. Мәселен, елдімекеннің бойынан өтетін Сарыағаш-Шымкент тасжолында жаңа жол белгісін қою туралы тұрғындардың ұсынысы қаралып, Департамент қызметкерлерімен Жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары басқармасына ұйғарым жолданатын болды.

Сондай-ақ, Ақтас елдімекенінің аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.