Шымкентте ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келер жылы аяқталады

355

Шымкентте ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бүгін аталмыш орынды аралау барысында мәлімдеді.

Әдеттегідей аптаның әр сенбісіне Цитадельге ат басын бұратын шаһар басшысы бүгін де тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарды өте қарқынды түрде жүргізуіміз керек. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет», – деді Ерлан Қуанышұлы.
Аралау барысында шаһар басшысы Цитательдің Оңтүстік қақпасының алғашқы кірпішін қалады.

Айта кетейік, Цитадель Шымкенттің негізгі туристік орны болады деп күтілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі