Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Бірлік атындағы орта мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Осыған дейін аталған мектебінің директоры Б. Ш қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. Ол азаматты техникалық персонал ретінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған»,- делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Мақтаарал ауданының №2 сотының үкімімен аталған шенеунік пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 4,5 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.