Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне қозғалтқыш көлеміне байланысты көлік салығының мөлшерлемелер туралы хабарлайды:

1. Қозғалтқышының көлемі бойынша мынадай сараланған жеңіл автомобильдер (текше см.): (Салықтық мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)
1 100-ге дейін қоса алғанда – 1 (АЕК)

1 100-ден жоғары 1 500-ге дейін қоса алғанда- 2 (АЕК)
1 500-ден жоғары 2 000-ға дейін қоса алғанда – 3 (АЕК)
2 000-нан жоғары 2 500-ға дейін қоса алғанда – 6 (АЕК)
2 500-ден жоғары 3000-ға дейін қоса алғанда – 9 (АЕК)
3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда – 15 (АЕК)
4 000-нан жоғары – 117 (АЕК)
2. Жүк көтергiштiгi бойынша мынадай сараланған жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):

1 тоннаға дейін қоса алғанда – 3 (АЕК)
1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса алғанда- 5 (АЕК)
1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса алғанда -7 (АЕК)
5 тоннадан жоғары – 9 (АЕК)
3. Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары- 3 (АЕК)

4. Отыратын орындардың саны бойынша мынадай сараланған автобустар:
отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда – 9 (АЕК)
отыратын 12-ден жоғары 25 орынға дейін қоса алғанда – 14 (АЕК)
отыратын 25 орыннан жоғары- 20 (АЕК)
5. Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер:

55 кВт-ға (75 ат күшiне) дейiн қоса алғанда – 1 (АЕК)
55 кВт-дан (75 ат күшiнен) асатын -10 (АЕК)
6. Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (ат күшімен);
160-қа дейін қоса алғанда – 6 (АЕК)
160-тан жоғары 500-ге дейін қоса алғанда -18 (АЕК)
500-ден жоғары 1 000-ға дейін қоса алғанда -32 (АЕК)
1000-нан жоғары -55 (АЕК)

7. Ұшу аппараттары қуаттың әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 4 пайызы
8. Мыналар:
кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;
магистральдық, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;

өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы- көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң
1 пайызы

Тар және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің- көлік құралдары көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы
Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:
1. Қозғалтқышының көлемі мынадай сараланған жеңіл автомобильдер (текше см):
3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда -35 (АЕК)
3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда -46 (АЕК)
3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда -66 (АЕК)
4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда -130 (АЕК)
5 000-нан жоғары -200 (АЕК)

Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады. (2019 жылға 2525 тенге, 2020 жылдан бастап-2651 тенгені құрайды).