«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде

590

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын 25 қараша күні – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою Халықаралық күні атадып өтіледі. ҚР ІІМ бастамасымен ел аумағында 25 қараша мен10 желтоқсан аралығында тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы органдар, білім, медицина, еңбек және әлеуметтік қорғау, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау, халықты қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыру болып табылады.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен қатар іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіліп, буклеттер, жаднамалар мен плакаттарды тарату жұмыстары саябақтар, алаңдар, базарларда жүргізілді.

Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткізу мақсатында, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатарынан волонтерлер тартылды.

Түркістан облысының ПД ЖПҚБ-мен 2019 жылғы 10 ай көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

2019 жылдың 10 айында, облыс көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың саны 47 (2018 ж.- 45) болып, яғни 2 қылмысқа өскені байқалады. Полицейлер тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша 2122 арыз-шағымдарды қараған. Оның ішінде: ҚР ӘҚБК-нің 73 бабы бойынша «отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» – 488 ӘҚБК-нің 73-1 бабы бойынша «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру» – 1312, ӘҚБК-нің 73-2 бабы бойынша (ұрып-соғу) – 322.

Одан бөлек, акция аясында полицейлер Тұрмыста құқық бұзған 3000-нан астам тұлғалармен профилактикалық әңгімелер жүргізген. Облыс бойынша 3066 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ІІО-на жеткізіліп, оның 3126 қорғау нұсқамасына алынған. Сондай-ақ, құқық бұзушылық әрекеттерімен көзге түскен 364 азаматтың мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленіп, профилактикалық есепке алынды.

Айта кету керек, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын Түркістан облысының полицейлері қарқынды түрде іске асырып, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізуде.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі