Кентаудағы атауы жоқ көшелерге ұлы тұлғалардың есімі берілді

198

Жаңа жылдан бастап кентаулықтар жаңа шағынаудандардағы көшелерді шатастырмайтын болады.

Облыс мәслихатының кезекті 44 сессиясында кеншілер қаласындағы атауы жоқ көшелерге берілетін атаулар тізімі бекітілді. «Шұғыла» шағынауданындағы жеті көшеге мемлекет қайраткері Нұртас Ондасыновтан бастап, би, хан, батырлардың есімі  берілді.

68-ші шағынауданындағы сегіз көшенің арасында Шымкент көшесі бар. №69-шы Батыс, 65-ші, 64-ші, 74-ші, № 75-ші, Болашақ жалпы 13 шағынаудандағы 100-ге тарта көшеге атау берілді.

Шынар Оразова