Тәуелсіздік күніне орай, Шымкенттегі ірі кәсіпорындардың бірі «ПетроҚазақстанОйлПродактс» серіктестігінде мерекелік шара өтті. Ұжымды Қазақстан Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіруге нұротандықтар арнайы келіпті.
Жандос Қамбарбеков, «НұрОтан» партиясының Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан партия мүшелерін мерекемен құттықтадық. Оларға «Нұр Отан» партиясының Грамотасын табыстадық».
Талғат Таирбеков, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС шебері: «Зауытта істегеніме 20 жыл болды. Біздің компания жыл сайын өндіріс жоспарын орындайды. Зауыттағы қайта құру, жаңғырту жұмыстары жұмысымызды оңтайландырды. Біздің еңбегімізді елеп, құрмет көрсеткен басшылығымызға алғысымыз шексіз».
Зауытта 30 жылдан астам уақыт қызмет еткендер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Тәуелсіздік күніне арналған мерекеде 40 қызметкер аса құрметке ие болды.
Шынар Оразова