Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде өткен «Тіл дарын-2020» үш тілділік пәндер олимпиадасының үздіктері марапатталды.

Бірінші дәрежелі диплом иегері № 25 мектеп- гимназиясының 9-шы сынып оқушысы Жанель Бейсенғалиева Шымкент жоғары педагогикалық колледжде таңдаған мамандығы бойынша оқуға 100 пайыздық жеңілдікке ие болды.

Олимпиада жеңімпазы – Жанель Бейсенғалиева

«Тіл дарын-2020» үш тілділік пәндер олимпиадасының екінші кезеңіне өткен жеті оқушы 9-шы  сынып оқушылары. Олар мектепте ұйымдастырылған олимпиаданың бірінші кезеңінен сүрінбей, қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік білетіндерін дәлелдеді.

Бірінші кезең мектепте өтіп, оқушылар  30 минутта 100  сұраққа жауап берген. Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен үштілділік пәндер олимпиадасына қатысқан 9-шы сынып оқушыларына арнайы сертификаттар табыс етілді.

Үш тілділік пәндер олимпиадасының жеңімпаздары дипломдармен қоса оқуға жеңілдіктерге ие болды. 3-ші дәрежелі диплом және Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде оқуға 30 пайыздық жеңілдік- №65 мектептің оқушысы Жұлдыз Абдрахман ие болды. 2-ші дәрежелі диплом және аталған білім ордасында 50 пайыздық жеңілдік №37 мектептің оқушысы Ханзада Базарбекке бұйырды.

Бірінші дәрежелі диплом иегері № 25 мектеп- гимназиясының 9-шы сынып оқушысы Жанель Бейсенғалиева Шымкент жоғары педагогикалық колледжде таңдаған мамандығы бойынша оқуға 100 пайыздық жеңілдікке ие болды. «Тапсырма қиын болмады. Өйткені, мені ұстаздарым дайындады. Оларға  алғысым шексіз» дейді жеңімпаз.

Мектеп оқушыларын ынталандыру мақсатында Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы «Тіл дарын-2020» үш тілділік олимпиаданы дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Мақсат- жастардың білімге деген құштарлығын арттыру.

Шынар Оразова