Шымкент қаласында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні 49 сәби дүниеге келді. Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі қыз балалар.

Нақтырақ айтқанда, 16 желтоқсан күні қалада 26 қыз баласы және 24 ұл бала дүние есігін ашқан. Мереке күні туылған шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Шымкент қаласы ел демографиясының дамуы жолында үлкен үлес қосып отыр. Мәселен, шаһарда 2019 жылдың 11 айында 25 688 нәресте дүниеге келген.