Шымкентте жаңа жылдық безендіру үшін 29 млн. теңге бөлінген

302

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды. Олардың саны биыл қаламызда екеу болмақ. Бірі «Нұрсәт» шағынауданында болса, екіншісі Әл Фараби алаңында. Екіншісін демалыс күні ел-жұрт әкімдіктегілермен бірігіп іске қосты. Айта кетейік, биыл жаңа жылдық қала безендіруіне 29 млн. теңге бөлінген.

Оның 14 млн. теңгесіне Әл Фараби алаңындағы мына шырша сатып алынған. Жасанды шыршаның ұзындығы – 14 метр. Жауаптылардың сөзінше Шымкентті жаңа жылдық күйге енгізу үшін 2018 жылдан қалған безендірулер де қолданылыпты.

Ерубай Құралбаев, Шымкент қаласы әкімдігінің абаттандыру секторының меңгерушісі: «Қалаға 2 негізгі шырша, 100-ден аса сәулеттік нысандар жарықпен безендірілген, 100-ден аса кранаштейндер мен тартпалар орнатылады. Қаланы жарықпен безендіру жұмыстары да осымен бірге жүргізіледі. Қазіргі таңда металл аркаларды жарықтандыру, қаланы безендіру жұмыстары жұргізілуде».

Безендіру жұмыстары қаламызда толықтай аяқталмаған. 16 жетоқсаннан кейін басталған жұмыстар желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

Назерке Үкібасова