Студенттер 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алады?

813

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын 25% өсіруді тапсырған болатын.

2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өседі.

Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі.