Шымкентте аналарға АӘК-тің жаңа форматы түсіндірілді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде осынау қолдау аясында қаралған кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің үлестіру тәртібі де таныстырылды.

Айта кетейік, онда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік жиынтығын тұрмысы төмен отбасылар ай сайын алатын болады. Ал, тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев қалада АӘК тағайындау барысында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Айтуынша, бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тұрмысын түзеп кетуі үшін оларды жұмыспен қамтуға да аса көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте салаға жауаптылар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын да тиімді пайдаланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың шараларына 2 мыңнан аса адам жолданып, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірушілердің 200-ге жуығы жұмыспен қамтылды.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілерден құжаттарды қабылдау 6 мекен-жайда жүргізіледі. Жиын барысында АӘК тағайындау бойынша қалада атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасадым. Көпбалалы аналар АӘК жаңа форматына қатысты сауалдар қойып, толыққанды жауаптар алды.

Мақпал РЫСБАЕВА