Педагогтардың жалақысы төрт жылда 200 пайызға көтерілуі мүмкін

80

«… Арзымайтын жалақы, бітпейтін жазулар, реформадан белгісіз реформалар, ауыса беретін министрлер….»

Бектас Бекназаров, ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары

Шымкент қаласының мәслихат депуттары мен қоғам қайраткерлерімен кездесу барысында сенатор Бектас Бекназаров «Педагог мәртебесі туралы» Заң ағымдағы жылдың  11-ші қаңтарынан  күшіне енсе, енді мұндай жүйесіздікке жол берілмейді деп есептейді.

«Қоғамның ұстазға деген көзқарасы мүлдем өзгеруі тиіс. Мемлекеттің болашағы – балалардың тәрбиесімен айналысатын педагогтарға лайықты құрмет көрсету, мәртебесін көтеруге нақты шаралар қабылданды. Қаңтардан бастап педагогтардың  жалақысы 25 пайызға  көтеріледі. Президенттің жолдауында педагогтардың жалақысын төрт жылда 200 пайызға  көтеру  мәселесі айтылған болатын. Ол орындалады. Бұл мақсатта біз 3 жылға арналған бюджетке тиісті  қаржы қарастырып, бекіттік. Мұғалімдердің саны  есептеліп, қажетті қаражатты үкіметке  шегелеп бердік», дейді Сенат депутаты.

Шынар Оразова