Шымкентке келген көшпелі зообақ жұмысын ақыры тоқтатты

237

Алып тасбақа ішіндегі жануарлар көрмесі бұған дейін әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Қаламызға желтоқсан айында келген «Тортилла» ішіндегі былықты алдымен еріктілер көріп, жауаптыларға жүгінген еді. Және Ресейден келген зообақта аң, құстар жәбір көрді деп қонақтардың кетуін талап етті.

Сөздерінше ондағы жануарлар талапқа сай қамқорлықта емес. Расында да маймылдардың тым тар торда орналасқаны, қолтырауындардың құрғақ жерде жатқаны анықталды.

Бұған дейін Ресейден қуылған жануарлар көрмесінің ендігі бағыты қайда апаратыны белгісіз. Белгілісі қаламызда оларға ешқандай жаза жоқ.

Назерке Үкібасова