Шымкентте «Ғұлама әлемі» ашылды

158

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы бастама көтерген болатын. Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы үстіміздегі жылы айрықша деңгейде аталып өтеді.

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Ел Президентінің бұл бастамасынан еліміздегі ең ірі ұйым кәсіподақтықтар да шет қалмай, қол қолдап қолдау білдіріп отыр.

Бүгін Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінінде «Ғұлама әлемі» ашылды. Онда данышпан ақын, ойшыл қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағы, қара сөздері жинақталған түрлі әдеби мұралар қойылды.

Маңызы ерек, мәні бөлек бұл шараға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлесігінің төрағасы Берік Бекжанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәжит Ілиясқаров, мәдениет майталманы, драмматург Сая Қасымбек, салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшылары мен өнер, театр өкілдері қатысты.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ғұлама әлемінің» ашылу салтанатында арнайы сөз алған Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінінің төрағасы Берік Бекжанов бұл шараның маңыздығына тоқталып, алдағы уақытта «Ғұлама әлемінің» өзге де құнды дүниелермен толығатынын жеткізді.

Онымен қоса, Берік Айдарбекұлы болашақта Абай оқулары ұйымдастырылып, халқымыздың мақтанышы, ұлтымыздың данышпаны, Ұлы ақынның дүниелерін халыққа насихаттауда кәсіподақтықтардың өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Бірлестік төрағасы Берік Бекжанов Абайды оқу аздық етеді, Абайды тани білу, түсіне, ұғына білу қажеттігін тілге тиек етіп, әлемге танылған классик ақынның айтқан баға жетпес байлығы – қара сөздерін, пәлсапаға толы ой-пікірлері, түйдек-түйдек түйінді тұжырымдарын күнделікті өмірде қолдана білуіміз қажет екенін де екшеп өтті. Себебі, Абай мұрасы ұлтымызды тағдырдың талай тарам жолдарынан, сындарлы сынағынан алып өтетініне кәміл сенімдіміз. Абай мұрасын кеңінен насихаттау – игілікті іс, келер ұрпаққа артылар зор аманат!