Шымкентте үш күннің ішінде үш көлік өртенді

318

Шымкентте тағы да өрт шықты. Бұл үш күннің ішінде үшінші автокөліктің жануы.

Куәгер түсірген бейнеде «Қатын көпір» шағынауданындағы көліктерге қызмет көрсету станциясының жанында тұрған автокөліктің жанып жатқанын көруге болады. Желімдеу орталығының қызметкері қауіпті болғанына қарамастан көліктегі өртті сөндіруге бар күш жігерін салған.

Дербес отты ауыздықтай алмаған соң, өрт сөндіру қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге тура келді. Оқиға орнына ТЖД өр сөндірушілері келіп, оттың таралуын тоқтатты.

Қалалық ТЖ департаментінің анықтаушылары оттың пайда болу жағдайларын анықтайды.

Нұрлан Сұлтанбек