Құтқарушылар балаларды құтқаруға екі рет шықты. Екі жағдайда да бүлдіршіндер пәтердің ішінде жабылып қалған. Сағат 12.06-да «112» номіріне көпқабатты үйдің бір пәтерінде 3 бала жабылып қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Анасы есікті аша алмаған.
Оқиға орнына құтқару бөлімшесі шығып, слесарлық аспаптардың көмегімен есікті сыртынан ашты. Пәтердің ішінде ересек адамдардың қарауынсыз балдар болған. Құтқару операциясы біткен соң, артынша жас балаға көмек көрсету туралы тағы да бір қоңырау шалынды.
Пәтерде 2 жасар бала ішкі жағынан жабылып, өз бетімен есікті аша алмаған, оған қоса газ плитада тамақ дайындалып жатқан. Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кірді.
Құтқарушылар пәтерде баланы тауып, оның аман-сау екендігіне көз жеткізді, плитада тамақ дайындалып жатқан. Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы жұмылдырылды.
Құтқарушылар баланы анасына тапсырып, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін еске салды: балаларды қараусыз қалдырмау және газ плитасын қосып қалдырып кетпеу.