Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

132

Синоптиктердің болжамы бойынша  бүгін Түркістан облысы мен Шымкентте қар жауады, тұман, көктайғақ  күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соққан жел  8-13 м/с -нан 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде  -4-9 градус, кей жерлерде сынап бағанасы  -12 градусты көрсетеді. Өңіріміздегі таулы аудандарда аяз сақталады. Төлеби ауданындағы Шуылдақ станциясы мен Тасарық ауылында ауа температурасы -10-13 градусқа дейін төмендейді. Созақ ауданында  -5 градустан -10 градусқа дейін аяз сақталады.

Инженер-синоптик Арайлым Тұрғынованың мәлімдеуінше, ертең Шымкентте қар жауады, ауа температурасы күндіз +1 +3 градус  жылы, түнде 7-9 градус аяз  күтіледі.

Шынар Оразова