Úı ANONS Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

«Ендігі үміт — өзіңізде». Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жеке қабылдауына келген тұрғындар бар базына-тілектектерін жеткізді.

Қабылдауға жазылғандардың арасында ардагерлер мен қоғам белсенділері және үй төрағалары мен жеке мәселелерімен келген қарапайым тұрғындар да бар. Шаһар басшысының алғашқы қабылдауына келгендердің дені осыған дейін талай шенеуніктен тауы шағылып, тауаны қайтқан азаматтар.

Сағат 10:00 де басталған қабылдауға жұртшылық таңертеңнен келіп алды. Көпшіліктің базыналары да әртүрлі. Бірі жол мен қоғамдық көлік мәселесін көтерсе, енді бірінің талап-тілектері медицина, білім, әлеумет салаларын қамтыды.

Алдымен келген азаматтарды аудан әкімдері мен басқарма басшылары қабылдады. Қабылдау күн ұзаққа созылады. Шенеуніктер соңғы тұрғынның талап-тілектеріне дейін тыңдаймыз деп сендірді.

Мақпал Рысбаева

Exit mobile version