Қару-жарақ ұрлаған лауазымды қызметкер ұсталды

305
knb.gov.kz

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.

Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қ. Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.