Қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың «Өзгеріс кезеңіндегі сын мен шын» IV форумы 2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Өткен жылдар ішінде QAZFORUM онлайн-БАҚ редакторлары мен журналистеріне арналған шағын іс-шарадан еліміздің қазақ тілді онлайн медианың ірі республикалық дискуссия алаңына айналды.

Жыл сайын Форум ұйымдастырушылары қатысушыларға қазақ тілді онлайн контенттің өзекті мәселелерін талқылауға және халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық медианың даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді. Жыл сайынғы Форумның осы маңызды бөлігін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозер өзінің алғы сөзінде атап өтті: «Қазақта «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген мақал бар. QAZFORUM осы көрініске сай — маңызды тенденцияларды ескеруді, жаңа кәсіптік білімнің көкжиектерін зерттеуді, алдағы сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын болуды басшылыққа алатынына сенімдімін».

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеологиялық шабыт берушісі – Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушысы – Қазақстан Баспасөз клубы. Биылғы жылы бұл шараны «Air Astana» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «BI Holding» АҚ қолдады.

Жыл сайын Форумның танымалдығы артып келеді, биылғы жылы Ұйымдастыру комитетіне қатысуға 500-ге жуық өтінім келіп түсті, бірақ қатысуға орындар санының шектеулі болуына байланысты тек 250-ге жуық қазақ тілді онлайн-контентті жасаушы медиамамандар: телеарналар мен баспасөз басылымдарының интернет редакцияларының бас редакторлары мен журналистері, блогерлер мен влогерлер, оның ішінде Қазақстанның 11 облысынан 50-ге жуық қатысушы шақырылды. Биылғы жылы аймақтық қатысушылардың географиясы айтарлықтай кеңейді. Өңірлік БАҚ өкілдері Форумда алған тәжірбиені көптеген жергілікті мәселелерді шешу үшін пайдаланатын болады.

Форумды өткізу кезінде Youtube арнасында онлайн трансляция өткізілді, оны шамамен 700 көрермен тамашалаған.

Іс-шара аясында Форум қонақтары National Geographic Qazaqstan көрмесінде фотосуреттермен танысуға мүмкіндік алды, оның мақсаты — көпшілікке Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи және мәдени ұқсастықтарды жеткізу және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту.

Іс-шара қорытындысы бойынша спикерлер мен қатысушылар өздерінің алған әсерлері мен пікірлерімен бөлісті:

Айгерим Джумакулова, «Qazform 2020» спикері, «Отырар ТВ» директоры: «Форумнан кейін Оңтүстік Қазақстанға барып, осында жинаған тәжірибемнің бәрін қолданатын боламын және де өте көп пайдасы тиетіндігіне мен сенімдімін. Біздің Оңтүстік Қазақстан дегенмен, өзіндік бір мінезі бар аймақ қой, сондықтан, ол жерде өте көп БАҚ өкілдері бар, солардың тәжірибесімен бөліскеніме мен, әрине, өте қуаныштымын. Менің де ақпаратымның біреуге пайдасы тиеді деген үміттемін. Жалпы форумнан алған тәжірибе өте үлкен болды».

Жыл сайын Форум тақырыбы Форумның мақсатты аудиториясы — қазақ тілді онлайн сегментін жасаушыларының негізгі қажеттіліктеріне сүйене отырып қалыптастырылады. Ұйымдастырушылар талқыланатын мәселелердің өзектілігі мен жаңалығына басымдық береді. Биылғы жылы форум қатысушылары қазақ қоғамына қандай медиа қажет екенін және олардың digital дәуіріндегі рөлі қандай екенін анықтауға тырысты, жаңа онжылдықта медиа нарықтың қазақ тілді сегментінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі мәселелері талқыланды.

Айдос Сарым, «Qazform 2020» спикері, саясаттанушы: «Мені енді қуантып жатқаны жыл сайын талқылардың реңі мен келбеті өзгеріп келе жатыр. Алғашқы жиындарда көбірек мемлекеттік тіл туралы айтып жатсақ, жылдан жылға кәсіби техника мәселелері әсіресе, интернетке, жаңа технолгияларға қатысты дүниелер айтылып келсе, қаржы табудың үздік жолдары, жақсы кейстері, жақсы бір мысалдары талқыланып, жақсы бір реакция болып жатқан сияқты. Көптеген мәселе жиынның үстінде емес, жиынның айналасында шешілетінін де жақсы білеміз. Өйткені көріп отырмыз, аймақтан келген әріптестер бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, бірінің өнімдерін бір-біріне көрсетіп, әсіресе, аймақтық журналистер өзінің үздік, жақсы деген технологиясын немесе жолдарын көрсетіп, тәсілдерін айтып, табысып жатады. Бұл да бір үлкен жетістік деп есептеймін».

Асхат Еркімбай, аймақтық медиа кеңесші, «Internews Kazakhstan»: «Сөзсіз жылына бір рет болса да қазақ медиасына қатысы бар, бас-қасында жүрген,тікелей, жанама әсер ететін адамдардың бас қосуы өте қажет. Кейбір адамдарға тақырыптар қайталанған болып көрінуі мүмкін. Бірақ 4 рет болып жатқан жиын бізге қазақ медиасының тыныс-тіршілігі қалай, бізде қандай өзекті мәселелер бар және біз қай жақтамыз деген сұрақтарға жауап береді. Бір байқайтыным, жыл өткен сайын бізде тақырыптармен бірге негізгі эксперттердің де алмасуы бар. Мәселен, былтырғы жылы бізде болған тақырып сәл басқаша болды. Биыл біз көбінесе онлайн контент туралы сөз қылдық. Яғни, қазақ тіліндегі онлайн медиа қалай қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болады деген тақырыптарды қозғадық. Бірнеше нұсқалар айтылды. Дәл қазіргі уақытта онлайнда қазақша контент жасайтын адамдарға өте жақсы мүмкіндік туындап тұр. Яғни, әртүрлі инструменттерді қолдана отырып, қаржылық көзін қарастыру жағы бар».

Қатысушылар Youtube-қа арналған секцияға ерекше назар аударды, онда белгілі видеоплатформаның қазақ тілді сегментін монетизациялау мәселелері талқыланды.

Александр Аксютиц, «QazForum-2020» спикері, «Salem Social Media» бас директоры: «Қазақ тіліндегі контент пайдалануда басым екенін айтқым келеді. Бүгінгі форум осыған тағы бір дәлел. Өйткені, зал толық. Залда бос орындар жоқ. Зал Форумға белсенді қатысуда. Көптеген сұрақтар қойылады, пікірлер айтылады және бұл-керемет. Бұл саланың дамып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұл туралы бұрыннан айтып отырмыз. Егер қазір Қазақстанда контентті дамытатын болсақ, оны қазақ тілінде жасау керек. Өкінішке орай, біздің жарнама берушілеріміз осыны әлі түсінбейді, бірақ қазақстандық аудитория, әсіресе digital аудиториясы — қазақ тілді. Сондықтан, осындай форумдар өткізілетіні өте жақсы. Бұл мазмұнды пікір алмасуға,жаңалықты үйренуге, сондай-ақ өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік».

Ерхан Таткенов, «Qazform 2020» қатысушысы, ҚР АҚДМ Ақпаратқа қол жеткізу департаментінің бас сарапшысы: «Бүгінгі мына форумның маңызы өте жоғары. Себебі мына қазіргі уақытта қазақ тілді аудиторияға сұраныс артып келеді. Яғни осы қазақ тілді контент жасаушылардың басын біріктіріп отыр мына форум. Олардың бір жерде жиналып, өздерімен тәжірибе алмасып, мәселелерін көтеріп, сондай-ақ өздерінің сапалы ұсыныстарын аудиторияға бүгін таныстырып отыр. Осының барлығы қазақ тілді контент жасаушылардың, яғни, өздерінің өнімдерін ұсынуға серпін береді. Сондай-ақ, осындай форумдар олардың дамуына үлкен жол ашады».

Өркен Кенжебек, «Qazform 2020» модераторы, журналист, блогер: «Қазақстан Youtube-тегі видеоларды қарау бойынша әлемдегі үшінші орында тұр дейді. Неге осынша көп көре отырып, неге содан пайда алмасқа? Материалдық, рухани жанағы ғылымдық деген секілді ғой. Сондықтан да бүгінгі спикерлер өзінің білгенімен бөлісті, лайфхактарын айтты, трендтерге бағыт сілтеді, біздің бір жасап өткен кейбір қателіктерімізге көзімізді ашты. Мен Youtube-ты өте аз қолданам, тіпті қызым Youtube-ты менен гөрі көп қолданатын шығар. Өзім өте көп ақпарат алдым. Және бастысы, осы форумды жыл сайын осы бір алдағы болатын дүниелерді біліп, трендтерді бағандап, соған сай қимыл жасауға үлкен шара деп ойлаймын».

Максим Рожин, «Qazform 2020» қатысушысы, АО «Қазына Капитал Менеджмент» кеңесшісі: «Осы Форумда қазір қазақ тілді ғаламторда жетістіктерге жеткен азаматтардың пікірін тыңдап шықтым. Форум керемет ұйымдастырылған. Мен үшін жалпы осындай форумдардың бұдан да тереңірек және спецификасына сай бөлініп өткізсе деген ниетім бар. Өйткені әрбір саланың өзінің мәселелері бар. Бүгін осы Youtube контентіне қатысты пікірталаста біреулер балаларға арналған контентті айтып кетсе, екінші пікір айтып жатқан азаматтар басқа көрермендердің сұранысын айттып кетті. Меніңше, бұндай тақырыптарды бөліп өткізген дұрыс сияқты».

Жанасыл Болатбек, «Qazform 2020» спикері, Atameken TV интернет-редакциясының бас редакторы: «Ал әлеуметтік желіге, Youtube-қа арналған сессия туралы айтсақ жақсы бір деңгейге өткені көрінеді. Өйткені бұған дейін Youtube-қа қатысты біраз жиындарда жүрдім. Ол жерде негізгі сұрақ: «Мен ақша қалай табам және Youtube каналды қалай аштым?». Яғни ол деген тыңдарманның деңгейі және спикерлердің сол нәрсені түсіндіруге тырысады. Бұл жерде біз контентті, просмотр жинаудан сәл өтіп, қалай ақша табамыз деген келесі деңгейдің сұрағын талқыланып жатырмыз. Бүгінгі жетістік сол».

Мұхан Дархан, «Qazform 2020» қатысушысы, «Сарыарка» газетінің бас редакторы: «Бүгінгі форумға қатысты айтатын болсақ, мазмұндық тұрғыдан мына өтіп жатқан мәселен Youtube-қа байланысты тақырып кеңінен тереңдетіп түсіндіріп айтып жатыр. Енді Youtube-ті қалай пайдалануға болады, оның жанағы коммерциялық мақсатта пайда түсіретін құрал ретінде пайдалануға болады деген мәселелер жан-жақты қамтылды деп ойлаймын».

QAZFORUM 2020 спикерлерінің сөйлеген сөздері әлеуметтік желілердегі парақшаларда қолжетімді:
Facebook – Qazforum 2020
Instagram — @qazforum2020/@kazpressclub
Форумның бейнежазбасы www.fkoc.kz сайттында қолжетімді.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Нұргүл Марқабаева, n.markabaeva@pressclub.kz, 87172 57 63 38 / 8 775 942 68 00