Құдықтан су ішкен ауылдарға орталықтандырылған жүйеден сапалы ауыз су келді

488

Былтыр  Түркістан облысындағы елді мекендерді ауызсумен қамту мақсатында 103 нысанның құрылысына 17,9 млрд. теңге  бағытталған екен.

Су құбыры мүлдем жоқ 43 елді – мекенге жаңа ауызсу құбыры тартылып, 12 ауылда  тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Суды құдықтан  тартқан Созақ ауданындағы  бес ауылға және Шардара ауданындағы бес елді-мекенге  орталықтандырылған құбырмен таза ауыз су келді.

Нәтижесінде, таза ауыз сумен қамту деңгейі 80,3 пайызды құраған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесуі барысында биыл ауызсумен қамтамасыз ету  мақсатында  – 45 нысанның құрылысына бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінген, халықты сапалы ауыз сумен қамту жылдың соңына дейін 95 пайызға  жеткізу жоспарда деп нақтылады.

Шынар Оразова