«Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында тау шаңғысы курортының негіздемесі қайта жасалып, жақында премьер- министр Асқар Маминге таныстырылды. Оның қажеттілігі дәлелденді. Енді бір-екі айда құжат дайындалады», деп атап өтті есепті жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.
«Тау шаңғысы туризміне шетелдік азаматтар ынтазар. Олар, Австралиядан болса да келеді шаңғы тебуге. Ауқатты азаматтар әлемнің қандай бөлігінде болмасын, жақсы демалыс аймағына қаражаттарын аямайды. Бұл жақсы инвестиция… Бұл туризмнен бөлек, археологиялық, экотуризмді дамытуымыз керек.
Шынар Оразова