«Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деген дәрігер ұсталды

60

«Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деген дәрігер ұсталды. Алматы облыстық полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жалған ақпарат тарату фактісі анықталған.

Тексеру іс-шарасы жүргізіліп, бірнеше сағатта жеке басы нақыланыпты. 36 жастағы азамат Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді. Оның үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Дәрігер өзінің кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Меруерт Ахан