«Күрделі ауру түрлерін өзімізде емдейтін жобалар қолға алынып отыр. Яғни, кардиологиялық орталықты «Ұлттық ғылыми кардио-хирургиялық орталықтың» басқаруына берілу жоспарлануда».

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов есептік жиында мәлім етті. Айтуынша қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында позитронды-эмиссиондық томографиясын (ПЭТ) іске қосу жоспарлануда.

Бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емделуіне мүмкіндік береді. Қалада емханалар мен ауруханалар салу жоспары да кезең-кезеңімен іске асады.

Мақпал Рысбаева