«Көктем–2020» РКШОЖ «Жиын» дабылынан басталды

128

 

Ағымдағы жылғы 25 ақпанда сағат 06.00-де «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы «Жиын» дабылынан басталды. Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғау жеке құрамы дабыл бойынша жиналды.

Жауынгерлік көрсетілімді жүргізуге азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы майор Қанат Қарабалаев қатысты. Іс-шара барысында олар қызметкерлердің қызмет өткеруге дайындығын, нысанды киіммен қамтамасыз етілуін, оларда құжаттардың, жеке жетондардың және арнайы құжаттамалардың болуын тексерді.

Жедел штабтың басшысы азаматтық қорғау полковнигі С. Смаилов командалық-штабтық оқу-жаттығу бойынша жеке құрамға жедел ақпаратты жеткізді.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы