Шымкент: Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы тағайындалды

990

 

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы болып Ғалымжан Әнуарбекұлы Төлепов тағайындалды.

Ғалымжан Әнуарбекұлы 1983 жылы ОҚО Ленин ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер.

Еңбек жолын 2006 жылы ОҚО Қазығұрт ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2006-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаменті бюджеттің атқарылуын және талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты экономикалық талдау, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы және экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппараты экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

2017 жылдан бастап Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауызымында еңбек етіп келді.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі